empty
 
 

Трейлинг-стоп — бұл негізгі функциясы бағаның қозғалысына қарай stop-loss деңгейін үнемі ауыстырып қоятын ашық позицияны автоматты сүйемелдеу болып табылатын ордер.

Жұмыс принципі

Трейдер позицияны трендтің көтірелу жағына қарай ашады да, ағымдағы бағадан трейлинг-стопқа дейін пункттермен ара-қашықтықты белгілейді. Егер баға жоғары көтеріле бастаса, трейлинг-стоп берілген қашықтықты сақтай отырып, автоматты түрде оған «ереді». Егер бағасы төмендесе, трейлинг-стоптың котировкасы орнында қалады.
Осылайша, трейлинг-стопты пайдаланатын трейдердің баға жоғары көтерілгенде, Take Profit қойылған мәнімен шектелместен, барынша көп пайда алу мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, трейлинг-стоп шығындарды шектеуші болып табылады.

Мысалы, трейдер 1.3400 бағасы бойынша сатып алуға позицияны ашып, трейлинг-стоп мәнін 50 пунктке кері көрсетеді, яғни 1.3350 қояды. Егер баға жоғары көтеріле бастаса және 1.3400 асатын мәнге жетсе, трейлинг-стоп ағымдағы бағадан көрсетілген 50 пункт ара-қашықтықты сақтай отырып, оның артынан автоматты түрде жылжиды. Яғни, егер баға 1370 белгісінде болса, трейлинг-стоп 1320 дейін «ереді».
Егер бағасы төмен кетсе, трейлинг-стоп өз орнын өзгертпейді.

Позицияларды сату үшін ашқан жағдайда, трейлинг-стоп өзін керісінше көрсетеді. Трейдер оны біраз пунктке жоғары қояды. Баға құлаған кезде, трейлинг-стоп берілген мәнге сәйкес ығысады. Баға көтерілген кезде трейлинг-стоп орнында қалады.

Трейлинг-стопты Форекстегі жұмыста қолдана отырып, трейдерге мәміле бойынша пайданың ұлғаюына қарай stop-loss ордерін қолмен жылжытудың қажеті болмайды. Трейлинг-стоп stop-loss-ты трейдер үшін қажетті деңгейде автоматты түрде белгілейді.

Трейлинг-стопты негізінен трендтер бойынша саудамен айналысатын, бірақ баға қозғалысын үнемі қадағалауға мүмкіндіктері жоқ трейдерлер пайдаланады. Сондай-ақ, трейлинг-стопты кез -келген баға қозғалысына жылдам реакция қажет кездегі біркүндік саудада қолданудың маңызы зор.

Трейлинг-стоптың ісе қосылған сауда терминалында ғана жұмыс істейтінін есте ұстау керек. Терминал ажыратылған кезде stop-loss ағымдағы жағдайда белгіленеді.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.